Астанада «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» халықаралық көрмесі ашылады

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында Астанадағы Конгресс-холл сарайында «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» атты VII-ші қазақстандық халықаралық көрме өтеді,

Астанада «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» халықаралық көрмесі ашылады

деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Көрмеде Қазақстанның жоғары оқу орындары, шет елдерде білім алу туралы ақпараттар, сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдар, ағарту ісіне қажетті құрал-жабдықтар ұсынылатын болады. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ақысыз сынақтар жүргізіледі.

Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.