Астанада «XXI ғасырдағы білім және ғылым ? 2009» қазақстандық VI халықаралық көрме өз жұмысын бастады

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Конгресс-Холда «XXI ғасырдағы білім және ғылым – 2009» қазақстандық VI халықаралық көрме өз жұмысын бастады.
None
None
Көрмені ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме орталығы және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көрменің мақсаты ? білімнің барлық деңгейінің мазмұны, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары, жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік кешендері саласындағы қол жеткізілген жетістіктерді көрсету, мультимедиялык және электронды оқулықтарды оқу процесіне енгізу. Үш күндік көрменің жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы, Башқұртстан, Болгария, Германия, Түркия және Чехияның білім мен ғылым саласындағы 70-тен астам жетекші үйымдары мен мекемелері катысуда. Олардың арасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалык университеті, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, барлық неміс жоғары оқу орындарын біріктіруші Академиялык Алмасудың Германдық Қызметі (DAAD), Анталиядағы Туризмнің Халықаралық Колледжі, Қаржы академиясының халықаралық бизнес мектебі (Мәскеу қ.), Омбы облысы бойынша Білім министрлігі, Уфа мемлекеттік мұнай -техникалық университеті және тағы басқалары бар.Көрме аясында ҚР БҒМ Ұлттық тест орталығы 11-ші сынып оқушылары үшін ҰБТ бағдарламасы бойынша сынақ тестісін жүргізеді. Сонымен қатар, таныстырылымдар, көрмеге қатысушыларға семинар өткізуді қамтитын іскерлік бағдарлама қарастырылған.Көрменің ашылу салтанатына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев оның маңыздылығына тоқталды. «Отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен осындай акцияларды өткізу ? білім және ғылым саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізеді. Көрме біздің білім, ғылым жетістіктерін көрсетуге бағытталған, ол жас мамандардың алған білімін іске асыруына жәрдемдеседі», деді Ж.Түймебаев.
Соңғы жаңалықтар