Астанада ядролық медицина қолданылады

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы жаңа онкологиялық клиникада ядролық медицина қолданылатын болады.

Астанада ядролық медицина қолданылады

Бұл туралы бүгін «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы Елжан Біртанов мәлім етті. 

Оның айтуынша, ядролық медицинада әлемнің ең озық технологиялары қолданылатындықтан, жоғары бiлiмдi, қолайлы ұйымдастыруды, экономикалық ұқыптылықты талап етедi. Сондықтан қарігі уақытта министрлік жанынан құрылған сарапшылар тобы оның техникалық-экономикалық, эпидемиялық негіздемесін жасау үстінде.  

«Бұл жұмыс биыл аяқталады. Оған халықаралық сарапшылар тартылмақ. Себебі мұнда өте қымбат жоғары технологиялар енгізіледі. Астанадағы онкологиялық клиникада дертті анықтау және емдеу үшін ядролық медицина, атап айтқанда, радионуклейдтік препараттар, радиоизотопты сәулелер және радиохирургиялық әдістер қолданылатын болады. Бұл өте тиімді және аса қымбат технологиялар, сондықтан оның жоспарын жоғары сауаттылықпен құру қажет», - деді Е. Біртанов.