Астанада «Яркокросс» түрлі түсті марафоны өтеді

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада ертең сағат 10.00-де «Яркокросс» түрлі түсті марафоны өтеді. Аталмыш іс-шара үш мәрте Алматыда және Қарағандыда сәтті ұйымдастырылған болатын.

Астанада «Яркокросс» түрлі түсті марафоны өтеді

Іс-шараның мақсаты - белсенді салауатты өмір салтын насихаттау. Міндеттері - гиподинамиямен және артық салмақпен күресу, құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған мамандандырылған контейнерлерді орнату пилоттық жобасын қолдау, жастар мен ересектер арасында спортты насихаттау, темекінің, алкогольдің және есірткінің баламасын табу.

«Яркокросс» - спорт, марафон және қуаныш сезімін біріктіретін жылдың керемет оқиғасы. Түрлі түсті марафон Австралия, Бразилия, Германия, Португалия, АҚШ пен Чили елдерінің бірқатар қалаларында болып өтті. Қазақстандағы «Яркокросс» іс-шарасының алғашқы маусымына белгілі мәдениет қайраткерлері, билік өкілдері қатысады.

«Яркокросс» - бұл жақын қашықтыққа еркін жүгіру, іс-шара барысында еріктілер ақ футболка киген барлық қатысушыларға экологиялық таза бояу тастайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаржы Астана қаласында ағаш отырғызуға жұмсалады.