Астанада «Ықпалдастық тіл, мәдениет, салт және дәстүрлер» халықаралық жобасының жабылуы өтеді
Бұл туралы «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары әдістемелік орталығынан хабарлады.
Оған жобаның басты демеушілері - Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары әдістемелік орталығы, Халықаралық «IADE» білімді дамыту қауымдастығы, «LSEGroup» ЖШС, «AviaElsenalTravel» ЖШС өкілдері қатысады.
Жобаның мақсаты - мемлекеттік тілдің қызмет ету белсенділігін кеңейту, ұлысаралық келісімді күшейту, қазақстандық патриотизм идеяларын насихаттау.
Жобаны «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары әдістемелік орталығы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» қоғамдық қоры орындады.
Жобаға сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің және Еуропаның ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектепптердің мұғалімдері, әдіскерлер, жастардың үкіметтік емес ұйвымдарының өкілдері, магистранттар, студенттер, мектеп оқушылары, танымал блоггерлер мен журналистер қатысты.
Жоба 2012 жылғы 15 маусым мен 6 қыркүйек аралығында Түркияның Кемер қаласында өткізілді.
Жоба бағдарламасына сәйкес онда қазақ тілін жеделдете оқу курстары, жастардың көшбасшылық әлеуетін ашуға бағытталған тренингілер өтті.
Жоба аясында «Түркология және мәдениетаралық диалог» сарапшылық симпозиумы, «Болон үдерісі - тәжірибе және перспективалар» халықаралық ғылыми конференциясы, «Тіл - азаматтық қоғамды біріктіруші фактор» халықаралық форумы, «Тілдерді жеделдете оқытудың инновациялық технологиялары» халықаралық семинары өтті. Мәдени алмасу бағытында қазақстандық мүсінші, «Мәдениет арқылы әлемге» халықаралық қауымдастығы сыйлығының лауреаты Серік Ищановтың көрмесі ұйымдпастырылды, ресейлік жазушы, журналист, сценарист, әдеби сыншы және «Культура» телеарнасының жүргізуші Олег Шишкинмен кездесу өткізілді. Жоба ірі республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен теледидарда, интернет желісінде кеңінен көрсетіліп, ауқымды аудиторияның қызығушылығын тудырды. Оған Қазақстаннан, Ресейден, Түркиядан, Чехиядан 800-ден астам адам қатысты.