Астанада Ықылас Дүкенұлы көшесі жаңартылады
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада Ықылас Дүкенұлы көшесін Бейбітшілік көшесінен бастап Желтоқсан көшесі бағытына қарай тұйық учаскіге дейін жаңартудың жоспары әзірленіп, бекітілді.
Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.
Аталған жобада жаңарту жол бөліктерін кеңейтіп, адамдар көп жүретін нысандар маңында қосымша автотұрақ орындарын салуды қарастырған. «Көрсетілген жоба 2013 жылы жүзеге асырылмақ», - деп хабарлайды ведомстводан.
Бүгінгі күні автожолдың аталған телімінде жол полициясы тиісті жол белгілерін қою арқылы көлік құралдарының уақытша тоқтауын реттеу жөнінде шұғыл іс-шаралар жүргізуде.
«Осыған байланысты қойылған жол белгілері талаптарын орындау жөнінде жол полициясының бөлімшелері қадағалау орнатқан», - делінген хабарламада.