Астанада Ювеналдық әділет жүйесінің даму мәселелерінен арналған семинар өтеді

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 24 маусым күні Астанада ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы аясында Ювеналдық әділет жүйесінің даму мәселелері» тақырыбында семинар өткізіледі.

Астанада Ювеналдық әділет жүйесінің даму мәселелерінен арналған семинар өтеді

Семинарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы соттың өкілдері мен кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағалары, сонымен қатар Бас прокуратура, Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен адвокаттар қатысады. Кеңестің негізгі мақсаты әлеуметтік тәрбиелеу мен психологиялық қызметтерге ерекше мән беру арқылы ювеналдық әділет жүйесі бойынша еуропалық тәжірибені ұсыну болып отыр.

Семинарда Франция Әділет министрлігінің кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау департаментінің төрағасы Марк Брегови сөз сөйлейді.

Еске сала кетер жайт, бұл шара Еуроодақтың «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.