Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада «Замандас» аула клубтарында Отбасы күні мерекеленді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Замандас» аула клубтарында Отбасы күні мерекеленді, деп хабарлады жоба ұйымдастырушысы. Шара аясында балалар құраған авиаүлгілер, зымыран мен ұшақтар үлгілерінің байқауы, ата-аналары мен балалар арасында шахматтан жарыс өтті.

Астанада «Замандас» аула клубтарында Отбасы күні мерекеленді (ФОТО)

«Замандас» аула клубына барған балалар концерт қойып, домбыра тартып, би билеп, театрландырылған көріністер көрсетіп, қонақтарын қуантты.

«Арт-терапия» үйірмесіне қатысатын балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Тілек білдірушілер «Бақытты отбасы» клубының психологтарының шеберлік сыныбына қатысты. Балалар мен ата-аналар «Сіздер әлі білмейсіздер, ал біз...» атты отбасылық шығармашылық байқауға қатысты. Шара қорытындысы бойынша байқау қатысушылары мен жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Елімізде Отбасы күні екінші жыл қатарынан аталып өтілуде. Мереке қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланады. «Замандас» қоғамдық қоры «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингінің қолдауымен «Аулалық клуб - балалар мүддесі туралы қозғалыс» жобасын іске асыруда. Клубтар 2011 жылы құрыла бастады. Қазіргі уақытта Астанада олар үшеу. Мақсатты аудиториясы - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдер. Барлық үйірмелер (барлығы - 12, оның ішінде қазақ тілі, ағылшын тілі курстары, каратэ, хореография, авиаүлгілеу үйірмелері бар) тегін өтеді.