Астанада заңнамалық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 205-ші мәжілісі өтті

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада Әділет министрі Рашид Түсіпбековтың төрағалық етуімен заңнамалық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 205-ші мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Отырыс барысында Үкіметтің 2010-шы жылдарға арналған заң жобалары жөніндегі жұмыстардың жоспарына қатысты мәселелер талқыланды. Онда еліміздегі заң  шығару қызметін жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан істер жөнінде баяндаған министр Рашид Түсіпбековтың сөзіне қарағанда, қазір заң жобаларының теориялық негіздерін қалаумен айналысатын министрлік жанындағы институттың мәртебесін көтеру жоспарланып отыр. «Атап айтқанда, аталмыш институт енді коммерциялық құрылымнан мемлекеттік мекемеге айналады. Осыған орай оған мүмкіндігінше біліктілігі жоғары мамандар тартылмақ. Бұл шара өз кезегінде заңнамалық бастамалардың сапасын арттыруға және сараптау-талдау жұмыстарының жетілуіне ықпал етпек», деді министр.

Сондай-ақ ол сөзінде 2010 жылға арналған заңнамаларды дайындау жоспары Мемлекет басшысының министрлік алдына қойған міндеттері мен 2010-2020 жылдарды қамтитын «Құқықтық саясат тұжырымдамасы» талаптарына сай дайындалғандығын айтты. Алдағы жылға барлығы 24 заң жобасы дайындалып отыр.  

Соңғы жаңалықтар