Астанада заңсыз орнатылған 17 ұялы байланыс антеннасы алынды
«Дегенмен электромагниттік сәуле таратудың рұқсат етілген деңгейі асырылған және рұқсат құжаттарының жоқтығы расталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жабдықты алып тастау бойынша шаралар қабылданады», - деп мәлімдеді қалалық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментінде. «Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаменті Kcell, ALTEL, Beeline және басқа да ұялы байланыс операторларының құрылғыларынан электромагниттік сәулелердің бөлінуіне үнемі мониторинг жүргізіп келеді. 2018 жылы елорда тұрғындарының ұялы байланыс антенналары туралы өтініштерін тексеру нәтижесінде 17 ұялы байланыс антеннасы алынып тасталды», - деп департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов көпқабатты үйлердің шатырларына ұялы байланыс антенналарының орнатылуына қатысты елорда тұрғындарының шағымдарына пікір білдірді.
Ұялы байланыс антенналарының санитарлық аумақ сақталмай орнатылған жағдайда, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
«Мұның соңы бас ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына және гормоналды өзгерістерге де әкеп соғуы ықтимал. Балабақша, мектеп және интернат ғимараттарына антенналарды орналастыруға тыйым салынады. Ал тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың шатырларына 100 Вт-тан астам қуаты бар таратушы антенналарды орналастыруға тыйым салынған», - деді Сәдуақас Байғабылов.