Астанада заңсыз орнатылған гараждарды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр
Өткен аптада «Алматы» ауданының инфрақұрылым бөлімі Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бірлесе отырып ауданның санитарлық-тазалық ахуалын жақсарту және құрылыс тосқауылдарын тиісті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, 5 құрылыс ұйымының баннерлері мен тосқауылдары ауыстырылды.
Аулаларды абаттандыру бағдарламасы негізінде Астана қаласы Жерді пайдалануды бақылау бойынша басқармасы мен «Алматы» ауданы ІІБ бірігіп заңсыз орнатылған металл гараждардың иесін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 59 гараж шығарылды, - деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе отырып күн сайын аялдамалық дүңгіршіктерді және жол белгілерін жуу, жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен аптада аялдамалық дүңгіршектердің 4-еуі мен 5 жол белгісі қалыпқа келтірілген болатын.