Астанада зергер-дизайнер І.Сүлейменовтың көрме-жәрмеңкесі ашылды

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада Есіл өзені жағасында орналасқан «Арман» сауда орталығында есімі әлемге әйгілі зергер-шебер Ілияс Сүлейменовтың жаңа топтамасының көрме- жәрмеңкесі ашылды,

Астанада зергер-дизайнер І.Сүлейменовтың көрме-жәрмеңкесі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан зергерлік бизнес қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Әли Алдамұратовтың атап көрсеткеніндей, елордада көптеген шетелдік зергерлердің әшекейлері қойылған галереялар мол болғанымен, І.Сүлейменовтың көрмесі отандық зергерлік бұйымдардың алғашқысы. Қазақи нақышта жасалған әшекейлер мен кәдесыйларда ірі көлемдегі гауһар тастар, рубин, сапфир, зүмірет, аквамарин, топаз және тағы басқа да асыл тастар қолданылған. Олар алтын, күміс, қара күміс сынды асыл металдардан жасалған. «Zerger Ilyas авторлық дизайн студиясының топтамасы, әсіресе, Австрия мен Еуропа елдеріне жете таныс. Оның жасаған әсем бұйымдарын әншілер Сабрина мен Патрисия Каас, Лихтенштейн княздігінің бегзадалары мен іскерлік орта өкілдері аттай қалап алған көрінеді. Көрме-жәрмеңке мамырдың 31-іне дейін жұмыс істейді.