Астанада жабық футбол манежі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының соңында елордада жабық футбол манежі ашылады. Онда екі шағын футбол алаңы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Футбол манежі Есіл ауданындағы Е10 және Е-29 ( «Құлагер» ТК, Талдыкөл жағалауына жақын) көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның ресми ашылуы наурыз айының соңына жоспарланып отыр.
«Алаң 10 жастағы балаларға, жастарға және футболмен айналысатын ересектерге арналған. Манеж аумағында екі шағын футбол алаңы және жуынатын бөлме, киім ауыстыратын бөлме және әкімшілік кеңсесі орналасқан. Алаңдарды жалға алуға болады», - делінген «СПК Astana» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.