Астанада жабын тақтасы құлап кетіп, екі адам қаза болды

АСТАНА.  Тамыздың  17-сі. ҚазАқпарат -  Астананың Сарыарқа ауданында   Чехов көшесінде орналасқан  «Азия»  дүкенінің (жеке кәсіпкер Баширов) аумағында төтенше   оқиға орын алды.

Астанада    жабын   тақтасы құлап  кетіп,  екі адам  қаза болды


Салынып жатқан   қойманың    жабын тақтасы құлап  кетіп,   оқиға  орнында екі адам    қаза    болды.  ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап  хабарлайды.

 Оқиға салдарынан тағы бір  адам - 16 жасар жасөспірім   ауруханаға түсті.