Астанада жағалау бойындағы жарық аркасын безендіру жұмыстары 10 маусымға дейін аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл өзенінің жағалауын көркемдеу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін аяқталады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің медиа-орталығы.

Астанада мұндай көркемдеу жұмыстары осыған дейін де жүргізілді, ал жаңа қақпаның көлемі биіктеу болады әрі түрлі-түсті түске еніп, өзгеріп отырады. Орталық жағалаудағы түсі тез құбылып, өзгеріп отыратын және дыбысы бар иллюминацияның ұзындығы 100 метрден асады.

Қақпа «Астана нұры» мейрамханасының тұсынан басталады. Мердігер компания өкілдерінің айтуы бойынша қақпа жағалаудың барлығын  қамтымайды. 95% кеңістік ашық тұрады. Қыс мезгілінде қақпаның түсі басқа реңге енеді. Жаңадан орнатылатын құрастырылым қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.  

Соңғы жаңалықтар