Астанада «Жағдаят орталығы» ашылады

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Әділет министрілігі Халыққа қызмет көрсету орталықтары ісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Астанада «Жағдаят орталығын» құрды.
None
None
Бұл туралы бүгін «Сарыарқа» ауданының №1 ХҚКО-да бірлескен басқарма кеңесі жобасының таныстырылымында министрліктің Тіркеу қызметі және және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Бақыт Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жағдаят орталығы ХҚКО ісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді әрбір азамат республикадағы барлық 293 орталық жайында талдамалы мағлұмат алып, соның негізінде салыстырмалы жеке зерттеулер жасап, қызметтерін қадағалай алады.Аталмыш орталықтың салтанатты ашылу рәсімі ертең өтеді.
Соңғы жаңалықтар