Астанада жалақыларын ала алмай жүрген жұмыскерлердің 50 пайызы заңды ақшаларына қол жеткізді - прокуратура

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Астананың Алматы ауданы бойынша жалақыларын ала алмай жүрген жұмыскерлердің 50 пайызы заңды ақшаларына қол жеткізді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласының Алматы ауданы прокурорының орынбасары Сабыржан Оңалбаев мәлім етті.

Астанада жалақыларын ала алмай жүрген жұмыскерлердің 50 пайызы заңды ақшаларына қол жеткізді - прокуратура

«2012 жылы аудан прокуратурасымен осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынды», - дейді С.Оңалбаев.

Оның айтуынша, аудан прокуратурасымен жалақы кешіктірілген мекемелерге апта сайын тиісті мониторинг жүргізіліп отырады.

«2012 жылы Алматы ауданы бойынша жалпы сомасы 309,9 млн. теңгеге 1 211 жұмыскердің жалақы қарыздары анықталған. Прокуратураның іске араласуымен 521 жұмысшыға 81,9 млн. теңге сома берешек қайтарылды. Бұл орайда, прокурорлық ықпал ету актілері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 4 мекеме басшысына 35 млн. теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды. Атқарушылық іс жүргізу органы тарапына 25 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 5 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша жалақы төлеуді бірнеше рет кідірткендерге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды», - деп түйді сөзін ведомство басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер Астана қаласының ІІД-де аудан прокуратурасының бақылауымен тергелу сатысында.