Астанада жалпықалалық сенбілік өтуде
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада елорда аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтуде.
Әкімдік ақпаратына сәйкес, оған шамамен 70 мыңға жуық қала тұрғыны мен 3,5 кәсіпорын қатысуда.
Жалпықалалық сенбілік қоқыс жинауға арналған 15 мың пакет, 9 мың жұмыс қолғабы, әктеу және өзге де материалдармен қамтамасыз етілген.
Акцияға қатысушыларға көмек ретінде 300 бірлік автомашина және өзге де арнайы техникалар жұмылдырылады. Жоспар бойынша, сенбілік аясында қаладан 1-1,5 мың тонна қоқыс шығарылмақ. Сенбілік барысында жалпы ауданы 491,4 га болатын саябақтар аумағы мен 220 га газон тазаланып, қараша айында субұрқақтарды консервациялау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бұл күні 2 мыңнан астам көшет пен ағаш бұталары отырғызу көзделіп отыр. Ағаштар мен бұталарды отырғызумен қатар гүлбақша мен гүлзарларды тазалау, жасыл желектерді күзгі-қысқы маусымға дайындау бойынша агротехникалық жұмыстар жүргізілді.