Астанада жаңа бассейн кешені ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы көпфункционалды «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында ауданы 1352 шаршы метрді құрайтын ірі бассейн ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жаңа бассейн кешені ашылады

Ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жолағы бар бассейннің ені - 25 метр. Мұнда себезгі кабиналары, шешінетін кең бөлме бар. Бассейндегі су 8 деңгейлі тазартудан өтеді. Бассейн түбін роботтар тазартады. 

Ол күн сайын сағат 7:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады.

Медициналық тексеріс жөніндегі анықтама мен бассейнде жүзуге арналған бас киім міндетті түрде қажет.