Астанада жаңа экспресс маршрут іске қосылды

Экспресс маршрут теміржол вокзалынан Астана қаласының халықаралық әуежайына дейін мына сызба бойынша жүреді:
Бастапқы пункт - т/ж вокзалы, бұдан әрі - Біржан сал к-сі - Жеңіс даңғылы -Сейфуллин к-сі - Республика даңғылы - Ташенов к-сі - Шалқыма к-сі - «М-1» көпірі - Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Тұран даңғылы - Достық к-сі - Қабанбай батыр даңғылы - соңғы аялдама «Астана халықаралық әуежайы». Автобус осы сызба бойынша қайтады.
Аралық аялдамалар: К.Байсеитова атындағы опера және балет театры, Өнер университеті (муз. академия), БТА банк, «Самал» шағын ауданы, «Ата түрік» бағы, Министрліктер үйі, ҚТЖ, Кардиохирургия клиникасы, Астана-Арена, Назарбаев университеті, «Пригородный» тұрғын алабы. Экспресс маршруттағы жолақы құны: жалпы - 120 теңге, балалар үшін - 60 теңге, жеңілдікті және балалар мен ересектерге арналған жол жүру билеттері жарамсыз болып табылады.
Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, № 53э жаңа экспресс маршруты жаңа жайлы автобус, онда жолаушыларға арналған ыңғайлы орындар жасалған. Жақсы ойластырылған қозғалыс сызбасы бағдар бойынша тез жүруге мүмкіндік береді. Бұл қаладағы осындай екінші экспресс маршрут: көктемде № 52э маршруты іске қосылған болатын, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.