Астанада жаңа футбол клубы ашылады

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАпарат - Алдағы уақытта елордасы - Астана қаласында жаңа футбол клубы ашылады.

Астанада жаңа футбол клубы ашылады

«Sports.kz» сайтының хабарлауынша, бұл команданың құрамына Бразилияның «Ole Brasil» футбол академиясында оқыған жастар кіреді. Олар «Астана-Арена» стадионында жаттығып, Бірінші лигада ойнайтын болады. Жаңа клубтың атауы әлі белгісіз.