Астанада жаңа хромдалған инсталляция пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Елордада Астана күніне орай  хромдалған   инсталляция пайда болды,  деп хабарлайды «Сарыарқа»  ауданы әкімдігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА. 
None
None

 «Біз халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа хромдалған көркем инсталляция орнаттық. Көшенің көркін келтіретін де нақ осындай шағын сәулет нысандары!» - деп хабарлады ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ елорданың оң жағалауында орналасқан аудан әкімі ағаштардың жарықтандырылғанын айтты.

 «Махаббатпен егілген ағаш  күндіз ғана емес, түнде де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.   Қала қонақтары мен тұрғындары мерекелік көңіл-күйді толықтай сезінсін, кешке, түнде қалаға әдемі көрік берсін деп Сарыарқа даңғылы бойында өсіп тұрған ағаштарға   жасыл шамдар орнаттық», - деп жазды  Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбуктегі парақшасына.











Соңғы жаңалықтар