Астанада жаңа көп функционалды туристік аудан салынбақ
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ауқымды туристік аудан құру жоспарланып отыр. Оның ішінде қонақүйлер, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орталығы құрылады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қаулысында айтылған.
Үкіметтің «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы №772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
«Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың аумағы 846,185 гектар жер. Оның құрамына ауданы 157,585 гектарды құрайтын «Көп функционалды туристік аудан» субаймағы кіреді», - делінген құжат жобасында.
Сондай-ақ, қаулыда әлеуметтік, денсаулық сақтау және туризм саласына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласының жедел дамуына мүмкіндік беретіні айтылған.
Осылайша «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту көзделіп отыр.
Қаулы жобасы 12 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылды.
Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді.