Астанада жаңа көше пайда болды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданында Хусейн бен Талал атындағы жаңа көше пайда болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 19-ыншы шешімінің негізінде Астана қаласы әкімдігінің қаулысыменжәне қалалық мәслихаттың шемімімен, елорданың Есіл ауданындағы № 27-нші жобалық атауы бар көшеге Хусейн бен Талалдың есімі берілді.
Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.