12:01, 01 Қаңтар 2015 | GMT +5
Астанада жаңа полиция бөлімшесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласының Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының жаңа полиция бөлімі ашылады. Жаңа бөлім Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы Бөрілі көшесі, 18 (Обаған көшесінің қиылысы) мекенжайы бойынша орналасқан, деп хабарлады astana.kz.
Таратылған хабарламаға сәйкес, ауданы 1200 шаршы метрден астам ауданда 110 қызметкер жұмыс істейді. Олар Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы), Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алабтарына қызмет көрсетеді. Жаңа полиция бөлімі барлық стандарттарға сай келеді және барлық байланыс құралдарымен жабдықталған, сондай-ақ ішкі істер органдарының барлық базаларына қосылған.