Астанада жаңа салынып жатқан құрылыс нысанында жұмысшы биіктіктен құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында «Жарық» тұрғын үй кешеніндегі жаңа салынып жатқан құрылыс нысанында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Үшінші қабаттан құлаған «ПФМ Фибра» ЖШС-нің 1993 жылғы жұмысшысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.