Астанада жаңа телерадиокешен пайда болады - министр Асқар Жұмағалиев
Өткен демалыс күні Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу өткізгенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.
Кездесу барысында маңызды проблема - уақыт өткен соң магниті жоғалатын үлбірлер емес, сандық мұрағаттар сақталатын заманауи бейнемұрағаттың жоқтығы көтерілді. Министр, өзі басқаратын ведомствосының бұл мәселемен айналысып жатқанын айтты. «Жақын арада Астанада біз жаңа телерадиокешен ашқалы отырмыз. Онда ең үздік техникалық жабдықтар, ең заманауи телестудиялар болады. Басқа сөзбен айтқанда, сапалы телеарна құруға қажеттінің бәрі болады. Оның ішінде заманауи бейнемұрағат та», - деді А.Жұмағалиев өз сөзінде.
Сөз соңында министр, қазір министрліктің қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігіне жағдай жасау жолында жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті. «Бұл бір күннің ісі емес, көптеген стереотиптерді бұзуға тура келеді», дейді министр А.Жұмағалиев.