Астанада «Жаңа толқын» байқауының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ғимаратында жас журналистердің арасында ұйымдастырылған «Жаңа толқын» байқауының жеңімпаздары марапатталды,

Астанада «Жаңа толқын» байқауының жеңімпаздары марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау баспа ісі және PR, фотожурналистика, теле-радиожурналистика, WEB-журналистика атты 4 аталым бойынша өтті. Нәтижесінде, бірінші аталым бойынша - 14, екінші - 7, үшінші - 4 және соңғы аталым бойынша 1 жеңімпаз анықталды. Жас журналистерге арнайы сертификаттар тапсырылып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибеден  өту мүмкіндігі берілді.

Қазақстан журналистерінің мамандар қорын құру мақсатында қыркүйек айынан бастап өтіп жатқан аталмыш іс-шараға барлығы 70-тен астам адам қатысты.