Астанада Жаңа жыл түні 68 сәби дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада 68 нәресте жарық дүние есігін ашты, соның ішінде 41-і - ер бала, 27-сі - қыз бала.

Астанада Жаңа жыл түні 68 сәби дүниеге келді

Жалпы, елордада демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы байқалады. Астана қаласының халқының саны 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша 847 730 адамды құрады, соның ішінде Алматы ауданында - 378 624, Есіл ауданында - 124 970, Сарыарқа ауданында - 344 136 адам тұратын болып шықты. Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы қаңтар-қазан айларында қалада 20 287 бала туылған, бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,6%-ға артық. Бұл ретте халықтың табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайып, 17 325 адамды құрады.