Астанада жаңа жылдық халықтық серуен өтеді

Сағат 22.00 - 03.00 аралығында қала тұрғындары мен қонақтары Жаңа жылды Аяз атамен және Ақша қармен бірге қарсы ала алады. Жаңа жылдық түні қалалық Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің, «Аламан» триосы, «Ринго» тобы, Алмас Кішкенбаев, Досымжан Таңатаров, Дос, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтар, Альбина Оганесян, Салтанат Байжұманова, Әсел Нұртазина, «Дәуір» триосы, «Сарын» тобы, Бауыржан Нұрымбетов, «Сарыарқа» дуэті, Күләйым Қайырбекова, Нұрғали Тұрлыбеков және т.б. қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Сағат 23.55 алаңдарда орнатылған LED-экрандардан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауы көрсетіледі.
Түн жарымда елорда тұрғындары мен қонақтары Жаңа 2016 жылдың басталуының белгісі - отшашуды тамашалайды. Мерекелік отшашу Есіл өзенінің жағасында, «Хан Шатыр» СОО жанында болады. Жаңа жылдық салтанат көңілді байқаулармен, ойындармен және мерекелік би кешімен жалғасады, деп хабарлайды astana.kz.