Астанада жаңа жылға арналған тұңғыш комедия түсірілуде

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Тенгри» қонақүйінде «Жатғаламшарлықтардың қатысы жоқ» («Инопланетяне ни при чем») атты қазақстандық тұңғыш жаңажылдық комедияның түсіріле бастауына байланысты баспасөз мәслихаты болды.

Астанада жаңа жылға арналған тұңғыш комедия түсірілуде

«Фильмнің сюжеті өте жеңіл. Көрерменнің миын шаршатпайды, керісінше көңіл-күйін көтеріп, әдемі әсерге бөлейді», - дейді фильмнің режиссері Фархат Шарипов.

Оның айтуынша, комедияның негізгі желісі 4 түрлі кейіпкердің басынан өтетін төрт түрлі оқиға айналасында құрылады. Дегенмен бұл 4 оқиға фильм соңында бір арнаға тоғысатын көрінеді.

Картинаға Фархат Әбдрайымов, Венера Нығматулина, Төлепберген Байсақалов, Максим Акбаров және басқа да белгілі актерлер түседі.

Фильм 2013 жылдың соңына қарай көрермендерге жол тартады.