Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді

Дәстүр бойынша Жаңа жылға орайластырылған салют Есіл өзенінің жағасында, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында, сонымен қатар Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болады. Астана қаласының әкімі бір уақытта үш ауданда отшашу ұйымдастыруды тапсырды.

Еске салайық, 31 желтоқсанда сағат 21:00-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Белгілі әртістердің өнері көпшілікті тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.