Астанада жаңадан салынып жатқан «Опера және балет» театры нысанынан жұмысшы құлап кетті

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында,

Астанада жаңадан салынып жатқан «Опера және балет» театры нысанынан жұмысшы құлап кетті

Сарайшық көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жаңадан бой көтеріп жатқан «Опера және балет» театрының нысанында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «СДС» ЖШС-нің 25 жастағы монтаждаушысы 5 метрлік биіктіктен құлап кетті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.