Астанада жанар-жағармай құю стансысында өрт болды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 11 жарым шамасында Астана қаласының Тәшенов көшесінің бойында орналасқан «Асқар» жанар-жағармай құю стансысында өрт болды.

Астанада жанар-жағармай құю стансысында өрт болды

Өрт аталмыш стансыға жанар-жағармай тасымалдайтын Камаз жүк көлігінің салонынан шығып, жүргізуші отыратын орын түгелдей жанып кетті. Жалын төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің көмегімен сөндірілді. Осы уақытта оқиға болған аумақта көліктер мен адамдардың жүруіне шектеу қойылды.

Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.