Астанада жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы айдың соңында Астана қаласында жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастайды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын автоматтандыру арқылы азаматтарға құжат беруді барынша жеңілдету жоспарланып отыр. Осылайша ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрғындарды тіркеу, жеке куәліктер мен төлқұжаттарды беру қызметтері оңтайландырылады. Орталық ғимараттарындағы ұзын-сонар кезектерді азайту үшін телефон немесе Интернет желісі арқылы кезекті брондау қызметі енгізілетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік төлемдерді Электрондық үкімет немесе банктің төлем карточкасы арқылы жасау көзделген. Ал 1414 телефон нөмірі арқылы азаматтар тегін кеңес ала алады. «Осындай қызметтері бар халыққа қызмет көрсету орталығының Астанадағы ілкі жобасын біз мамыр айының соңында таныстыруды жоспарлап отырмыз», - дейді С.Сәрсенов.

Соңғы жаңалықтар