17:16, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Астанада жаңажылдық безендіру үлкен шары машинаның үстіне құлады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі пайдаланушылары Астанадағы оқиға жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

«Керуеннің жанындағы шар екі машинаны бүлдірді. Көшеде абай болыңдар!», - деп жазды Фейсбуктегі «Астана - Не? Қайда? Қашан?» тобындағы блогер Ерлан Сәкенов.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметі 112-ге осы оқиға туралы хабар келіп түскенін қуаттады.