Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында шамадан тыс жауған жауынның салдарын жою және бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар күшейтілген режімде жүргізіліп жатыр.

Астанада жаңбыр суын сору жұмыстары күшейтілген режімде жүргізілуде

Төрт күннің ішінде (16-19 мамыр аралығында) 34 мың текше метрден астам жаңбыр суы сорылды, деп хабарлайды astana.gov.kz . Елордада толассыз жаңбыр бірнеше күннен бері жауып жатыр. Жауын-шашынның айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан қаланың бірнеше ауданын су басты.

«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, 19 мамырда коммуналдық қызметтердің күшімен 10 мың м 3 жаңбыр суы сорылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында - 4813 м 3, «Есіл» ауданында - 1816 м 3 және «Сарыарқа» ауданында - 3207 м 3 су сорылды. Бүгін қала көшелерінде 100-ге жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр аптаның соңына дейін толастамайды.