Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде- ауа райы болжамы

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қазанда, Қазақстанның астанасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлады.
None
None

10 қазан күні түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн 0-3 градусқа дейін суытады.

Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында ертең жауын-шашын болады деп күтілуде, жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында 2-7 градусқа дейін жылы болады.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болуына байланысты ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.

«Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады», - деп атап айтылған ведомство порталында.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыз болады деп күтілуде, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарындағы су нысандарында су беті бірте-бірте салқындайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар