Астанада және 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Смог в Астане Астанада тұман зима қыс
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

29 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20-ге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 29 қыркүйекте шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с, төтенше өрт қауіпі сақталады.

29 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түркістанда 29 қыркүйекте таңертең және күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

29 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с күтіледі.

29 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылордада 29 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 29 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.