Астанада және Ақмола облысында күн суытатыны ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта бойы қатты аяз тұрмай, ауа райы жылы болды. Метеорологтардың болжамынша, демалыс күндері Астанада ауа температурасы төмендейді, қар жауады, боран соғады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Астанада және Ақмола облысында күн суытатыны ескертілді

«22 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы -20;-25 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде -30 градус аяз болады. 23-24 ақпанда түнде -30;-35 градус, кей жерлерде -38 градус аяз болады», - делінген ведомство ақпаратында.

Бүгін күн бұлтты, қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз -11;-13 градус суық болады, түстен кейін ауа температурасы төмендейді.

Ертең, 23 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -30;-32°С, күндіз -25;-27°С болады.

Дүйсенбі күні, 24 ақпанда елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -33;-35°С, күндіз -23;-25°С болады.