Астанада және Ақмола облысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мен Ақмола облысында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимад. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қаласында 1 маусым күні оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды. 2 маусымда соққан желдің екпіні секундына 23-28 метр болады. Сондай-ақ найзағай ойнап, күндіз дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында 1 маусым күні оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз жел екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал.