Астанада және Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа райының бұзылатыны туралы ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа райының бұзылатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

Астанада сенбі күні тұман түседі, көктайғақ болуы сақталады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, 5-6 желтоқсан күндері - кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан және оңтүстік-батыстан ескен желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

5 желтоқсанда Оңтүстіңк Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын шашы күндіз кей жерлерде күшейе түседі, 5-6 желтоқсан күндері оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетіп, ұйтқуы 30 м/с-тан асады.

Соңғы жаңалықтар