Астанада жанұялық шағын футболдан республикалық жарыс өтеді

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Мамыр айының 26-27 күндері Астана қаласында жанұялық шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты ұранмен республикалық жарыс өтеді.
None
None

Доданың негізгі мақсаты әрбір жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бірлік, отбасына құрмет және елдік патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Осындай атауды иеленген жарыс біраз жылдар бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келді. Жарысқа республиканың әр аймағынан 60-қа жуық команда қатысып, бақтарын сынаған кездер де болды. Өкінішке қарай, соңғы 7-8 жылда белгілі себептерге байланысты бұл жарыс өткізілмей келді. Сол үрдіс биыл қайта жалғасын таппақ.

Команда құрамына шек жоқ. Тек ойыншылардың тегі бірдей болуы керек. Яғни, атасы, баласы, немересі, шөбересі, т.с.с. Жиендердің командаға кіре алмайтынын ескертеміз. Олар өз аталарының командасын құра алады. Командаға қыз балалардың да кіруіне рұқсат.

Толық ақпаратты "Спорт" газетінің редакциясына 8 (7172) 57 79 23, 8 (7172) 57 79 14 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, немесе sport. 59@ mail.ru мекенжайына хат жолдау арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар