Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 - 3 наурыз аралығында «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Дегдар» гуманитарлық қоры мен JTI компаниясы бес жылдан бері жылына екі рет жапон мәдениетінің маусымы - «Жапон көктемі» мен «Жапон күзі» фестивалін өткізіп келеді. Концерттер Астана мен Алматыда болады. Онда күншығыс елі мен Қазақстанның дәстүрлі музыка, классика, джаздың атақты жұлдыздар қатысады.
1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында барабаншылардың ғажайып шоуы өтеді. Бұл әлемдік деңгейдегі әйгілі жапондық «Yamato» тобының концерті. Топ 1993 жылы Нара әкімшілік-аймақтық жағында саңлақ Masa Ogava жетекшілігімен топ құрылған еді және атағы Жапониядан да ары асып, әйгілі болды. Ямато - жапон мемлекетінің көне атауы. Бұған қоса ғажайып үйлесім, бейбітшілік деген де мағына береді. Топ әлемнің 51 елінде мыңдаған концерт берді. Әртістердің гастрольдік сапарлары жылына 6 айдан 10 айға дейін созылады және осылай 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ал 3 наурызда «Астана Опера» театрының камералық залында «Чио-Чио-сан в ожидании весны...» атты өнер майталмандарының концерті өтеді. Онда жапондық, қазақстандық авторлардың шығармалары, сондай әлемдік классика жауһарлары орындалады. Концертке Қазақстанның әйгілі орындаушылары қатысады. Фестивальдің мақсаты - көрерменді жапон мен қазақ музыкаларының озық үлгісімен таныстыру, біздің халықпен мәдени ұқсастықтар іздеу, екі ел арасындағы шығармашылық байланысты арттыру.