Астанада жаппай сырғанау маусымы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қаланың бірқатар ауданында мұз айдындары мен сырғанау алаңдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасай отырып.
None
None

Астанадағы Ақбұлақ өзенінің жағалауындағы мұз айдынында қала тұрғындарын жаппай мәдени - спорттық серуенге шақыратын «Қысқы ертегі» мерекелік шарасы өтеді.

Онда Алматы ауданының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама, конкурстар мен ойындардар өткізіліп, жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады.

Қыс мерзімде қала халқы мен қонақтарының көңіл-күйін көтеріп, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін «Президент», «Жерұйық» саябағы мен «Оқушылар сарайы» алдындағы алаңда қысқы демалыс орындары, соның ішінде мұз айдандары мен сырғанау алаңдары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ EXPO аймағында да мұз айдыны ашылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар