Астанада жарық сөніп, полиция жолдағы тәртіпті қадағалауға шықты
Астанада желідегі апат салдарынан жарық сөніп қалып, енді полиция жолдағы тәртіпті көшеге шығып өздері реттеуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Kazinform.
«Электр қуатының өшірілуіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша, барлық магистралды жол қиылыстарына кезекші полицейлер қойылды. Осылайша қазір жолдағы қозғалысты полиция қызметкерлері өздері реттеп жатыр. Сондай-ақ кейбір қиылыстарға генераторлар қойылды»,-деп хабарланды Астана қалалық Полиция департаментінен.
Осыған дейін желідегі апат салдарынан елордада жарық сөнгенін хабарлаған болатынбыз.