Астанада жарнама маңдайшаларына бірыңғай талаптар енгізу ұсынылды

«Біз келісуге және салықтық алымға жатпайтын маңдайшалардың бірыңғай регламентін жасауды ұсынамыз. Мәскеу тәжірибесі негізінде құзырлы органның сайтында осындай маңдайшалардың бірыңғай ережесін жариялау қажет деп есептейміз. Әрбір кәсіпкер сайттан сол ережелерді оқып, маңдайшаларды бірыңғай регламентке сай жасай алады. Біздің қалада жарнама маңдайшалары ала-құла болғандықтан, әрдайым ескертулер аламыз. Өкінішке орай, бұл заңмен бірізділенбеген. Қандайда бір шара қолдана алмаймыз. Сол себепті жарнама маңдайшаларына қатысты регламентті жасақтау мәселесін көтеру қажет», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, аталмыш регламентті әкімдік Астананың ерекше мәртебесі туралы заңға енгізуді жоспарлауда.
«Өкінішке орай, ол толықтыруды ешкім қолдап отырған жоқ. Маңдайшалар тіпті жарнама туралы заңмен де регламенттелмеген», - деп атап өтті Г. Кивенова.