Астанада жарты жылдай жылдамдықты шектен тыс асырып келген қымбат көлік жүргізушісі мемлекетке айыппұл ретінде 1000 доллар қарыз болып шықты

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Қымбат көлік жүргізуші елорда көшелерінде жарты жылдай уақыт бойы жүйелі түрде жол ережесін бұзып келген.

Астанада жарты жылдай жылдамдықты шектен тыс асырып келген қымбат көлік жүргізушісі  мемлекетке айыппұл ретінде 1000 доллар қарыз болып  шықты

Нәтижесінде оның айыппұлының өзі мың американдық долларға жеткен. Сәрсенбі, маусымның 10-ы күні Жол жүру ережесін қасақана бұзушыны Астана қаласының полицейлері қолға түсірді.

Елордалық жол полициясы басқармасының баспасөз орталығы хабарлағандай, «былтырғы жылдың күзінен бері жүргізуші белгіленген жылдамдықты 12 рет асырған, салынған айыппұлдың жалпы құны - 127 800 теңге. Ең соңғы рет ол Республика даңғылына шығатын жерде Тәшенов көшесінде жылдамдықты асырған, «Red Speed» жылдамдықты өлшеу құралы оны түсіріп алған».

Баспасөз қызметіндей хабарланғандай, енді ол 30 күн ішінде өз еркімен айыппұлды төлеуі керек.