Астанада жарық пен су жүйесі бірнеше сағатқа өшіп қалды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Бүгін Астананың Алматы ауданында қалалық орталық төмендеткіш қосалқы стансысында (ЦГПП) апат болып, оқиға салдарынан елордада жарық пен су жүйесі өшіп қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сағат 07.40-та оң жақ қосалқы стансысында разрядтауыш тесіліп, ал сорғы-сүзгі стансысында ауыз су жүйесі өшіп қалды. Қала бойынша сумен қамтамасыз ету жүйесі сағат 08.20-да қалпына келтірілді. Жарықтың сөніп салуы салдарынан 2-Жылу-электр орталығы энергия қуатынсыз қалып, жұмысы тоқтады. Қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, электр қуаты сол жақ төмендеткіш қосалқы стансысы арқылы берілетін болады. Сағат 9.00-да 2-Жылу-электр орталығының №1 қазандығы іске қосылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, апат салдары бұл уақытта жойылып бітуі тиіс.