Астанада жас ақын Бекмұрат Өмірбектің шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 18 қарашада Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Абай нұры» өнерлі жастар клубының ұйымдастыруымен жас ақын Бекмұрат Өмірбектің «Сұлужүрек» атты шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Астанада жас ақын Бекмұрат Өмірбектің шығармашылық кеші өтеді

«Бекмұрат Өмірбекұлы аз уақыт ішінде өз ортасын мойындатты. Алдыңғы ақындардың алымы мен қарымына көңіл бөліп, кейінгі толқындағы өз замандастарының бірталайын елең еткізген ақындардың қатарына қосылды. Еуразия гуманитарлық институтынан білім алған ол 2007 жылы «Жас дәурен» атты жыр жинағын да оқырмандарына ұсынып үлгерді», делінген хабарламада.

Кешке ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының және Түркі дүниесі халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты, Махамбет сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы, ақын-сазгер, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ерғожа Тілепберді, ақын, тележүргізуші Назира Бердәлі және басқа да көптеген өнер қайраткерлері қатысады.